
ТҮЙІНДЕМЕНІ РӘСІМДЕУ БОЙЫНША КЕҢЕСТЕР
FIRCaspian командасы
Түйіндеме — бұл сіздің кәсіби тәжірибеңіз, біліміңіз және белгілі бір лауазымға арналған дағдыларыңыз туралы қысқаша ақпарат. Бұл жұмыс іздеу кезінде маңызды құжаттардың бірі. Оның міндеті — жұмыс берушінің назарын аудару және сізді сұхбаттасуға шақыру.
Кадрлармен қамтамасыз ету және кадрларды іріктеу жөніндегі ең ірі компания ретінде біз күн сайын әртүрлі салалардағы жұмыс орындарына үміткерлерді іздеуде жүздеген түйіндемелерді қарастырамыз және жиі кездесетін қателіктерді және оларды қалай болдырмауға болатынын білеміз.
СІЗДІҢ ЖЕТІСТІКТЕРІҢІЗ ТУРАЛЫ АЙТЫП БЕРІҢІЗ.
Нақты деректер, сандар және нәтижелер жалпыланған тұжырымдарға қарағанда әлдеқайда жақсырақ.
Мысалы:
қате — компанияның қызметтерін сату, клиенттермен байланыс.
дұрыс — жұмыс кезеңінде клиенттер санын 2 есе арттырдым
ТҮЙІНДЕМЕ СІЗ ӨТІНІШ БЕРГЕН ПОЗИЦИЯҒА СӘЙКЕС КЕЛУІ КЕРЕК.
Егер сізді бірнеше жұмыс қызықтырса — түйіндемеңізді белгілі бір жұмыс орнына бейімдеңіз. Белгілі бір лауазымға сәйкес келетін дағдыларыңызды, тәжірибеңізді, жетістіктеріңізді көрсетіп жазыңыз.
ІЛЕСПЕ ХАТ
Түйіндеме сияқты ілеспе хат — әлеуетті жұмыс берушімен алғашқы байланыс нүктесі болып табылады.
Бұл да маңызды және сізге:
Белгілі бір позицияға деген қызығушылығыңызды көрсетуге
өзіңізді таныстыруға. негізінен сіздің тәжірибеңіз, біліміңіз және дағдыларыңыз туралы ақпаратты қамтитын түйіндемеден айырмашылығы, ілеспе хат жұмыс берушімен жеке қасиеттеріңізді бөлісуге мүмкіндік береді;
көптеген біркелкі түйіндемелер арасынан ерекшеленуге;
сіздің қарым-қатынастық дағдыларыңызды көрсетуге көмектеседі.
Түйіндемеде көрсетілген ақпарат шынайы болуы керек — құпияның бәрі әрқашан айқын болады.
Жұмысқа орналасу кезінде өтірік айтпаңыз, жұмыс берушілер адалдықты бағалайды.
FIRCASPIAN TELEGRAM АРНАСЫ
Егер сіз белсенді түрде жұмыс іздеуде болсаңыз — біздің Telegram арнамызға жазылыңыз. Онда біз сіз бірінші болып білуіңіз үшін үнемі жаңа жұмыс орындары туралы ақпаратты жариялап отырамыз.
